ҚМДБ Жамбыл облысы Әйел-қыздар секторының Қордай ауданындағы жауапты маманы Эльмира Есімқараева ұстаздың ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айында мешіт пен медресеге тазалық жұмыстары жасалды.
Сауаптар еселенетін айда мешіт үшін жасалған әрбір істің орны бөлек. Нәзік жандылар мешіт пен медресеге терең таразық жүргізіп, шаңнан толық тазартты.
Сонымен қатар күнделікті ауызашар беріліп жатқан мешіт жанындағы асхананы рамазан мерекесіне орай мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында безендірді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі