Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлының тапсырмасымен ауданға қарасты мешіттердің ауласына көктем шығысымен сенбілік және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтсақ, Т.Рысқұлов ауылы «Жарас» мешіті және Кеңес ауылы «Ар-Раззақ» мешіттерінің ауласына 80 түп жеміс ағаштары мен гүл шоқтары отырғызылды.
Мешіт ауласын көркейтуге атсалысқан барша азаматтарымызға алғыс білдіреміз!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


10 Тамыз 2026
25 Сафар 1448

