Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде аудан имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы бесін намазына келген жамағатқа қасиетті айда сабарлы болу керектігі турасында насихат айтты.
Мешітке келген жамағат аудан имамына сан сауалдарын қойып, мардымды жауап алды.
Жалпы, сабырлық сөзінің тілдік мағынасы «шыдамдылық таныту» деген мағына береді. Шариғаттағы мағынасы Алла Тағаланың разылығы үшін өмірдегі қиындықтарға төзу, шыдамдылық ету деген. Алла Тағала Құранда мұсылмандарға тән сипатының бірі – сабырлық деген. Сабырлы болу Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) асыл қасиеттерінен екенін білу қажет. Біздер пайғамбарымыздың жолын үлгі тұтамыз қажет. Сабырлы болу адам бойындағы ең бір ізгі тамаша қасиеттердің бірі.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі