Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді

Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адамзат баласының ғұмыры қысқа болғанымен, артында өнегелі істер қалдырып, белгілі бір саланы мықты меңгеріп, өзі өмірден өтсе де, еңбегі мен қызметі, айналасындағы адамдарға жасаған жақсылықтары мен жанына жақын тарта білетін жылылығы естен кетпейтін адамдар бар.

Осындай жандардың бірі - Бақытжан Төлеуов. Жастық шағының нағыз жалындап тұрған шағында Тараз қаласының тумасы Бақытжанның жүрегінде Исламға деген сүйіспеншілік оянды. Исламмен жақын танысқаннан соң діни сауат алуға һәм одан ары қарай тереңдетуге бел буады. Сол мақсатта 1999-2003 жылдар аралығында Қазақ-Араб университетінің (қазіргі Отырар институты) «Араб тілі және дінтану» факультетіне оқу түседі. Аталмыш оқу орнын үздік дипломмен тәмамдайды. Біліктілігін одан ары жалғастыру мақсатында Түркия Республикасы Стамбұл қаласындағы Түркия Діни Істер Басқармасына қарасты муфтилер даярлайтын «Хасеки оқу орталығына» қабылданды. Сөйтіп осы оқу орнында білімін шыңдады. Одан кейін Кония қаласындағы Кония Селжук Университетіне «Ислам құқығы» бойынша магистратураға түсті. Екі жыл бойы білімін шыңдаған Бақытжан магистрлік диссертациясын қорғауына санаулы күн қалғанда ажал жетіп, бауырымыз дүниеден озды.  Елінен, отбасынан жырақ жерде ілім үйреніп, дін жолында қызмет етіп жүрген Бақытжан шейіттік дәрежеге жетті. "Оның отанына оралып, елімізде діннің одан ары өркендеп-көркеюіне үлес қосуын асыға күткен едік..." - дейді достары.

Марқұм көзі тірісінде ілім жолына түсіп, салмақты білім жинаған. Сол білім жолында жинақтаған еңбектері мен кітаптары бүгін де өз үйінде жеке кітапханасында сақтаулы еді. Анасы бір бөлмені алып тұрған өте терең білім бар, жалғыз данадан тұратын түрлі ғылыми еңбектер жазылған кітаптарды баласының атынан "Һибатулла Тарази" медресе-колледжіне сыйға тартты. 

Медресе директоры Сәкен Сейдикаримов пен мешіттің наиб имамы Әбжаппар Әмір арнайы барып, қарт ананың батасын алып, кітаптарды алып қайтты. Халқымызда «Жақсының аты, ғалым­ның хаты» өлмейді деген қанатты сөз бар. Осы еңбектерді шәкірттер оқып, білім тоған сайын марқұмға сауабы барып тұрғай!

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: