#Меркі ауданы: Рамазанның құрметіне тегін такси қатынайы

#Меркі ауданы: Рамазанның құрметіне тегін такси қатынайы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Имамдардың әрбір әрекеті игі істердің ұйытқысы болуы керек. Ал жамағат жақсылыққа ұмтылушы болуы керек.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен Рамазан айының құрметіне Алматы-Мерке бағытында екі тарапқа да «ТЕГІН ТАКСИ» акциясы ұйымдастырылды.

Рамазан айында қандай ізгі амал атқарсаңыз да, еселеп сауап жазылады. Бас имам көлік жүргізушілеріне сауапты істің қайырын айтып, ризашылығын білдірді.

Акциясы негізінде қала тұрғындары діттеген жерлеріне ешқандай ақы төлемей еркін жетіп алды. Көлік жүргізушілері халықты ұлты мен дініне қарамай қажетті мекен жайына тегін жеткізді. Халыққа осындай ұлық мерекені насихаттауды қолға алған Меркі ауданының имамдарына үлкен алғыстарын  білдірді.

Алла барша мұсылманның тұтқан оразаларын, жасаған дұғаларын қабыл етсін деп тілейміз.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: