#Шу: Зейнеп ұстаз зейін ашуға үндеді

#Шу: Зейнеп ұстаз зейін ашуға үндеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен үлкен жиын өтті. Аталған жиынға облыс орталығынан дінтанушы, исламтанушы PhD доктор Зейнеп Үсенова ұстаз арнайы келіп қатысты.

Келелі кездесу барысында Зейнеп ұстаз жиналғандарға уағызын арнады. Сонымен қатар айтылған насихат сіңімді болуы үшін викториналық сұрақтар дайындап, дұрыс жауап берген нәзік жандарға құнды қазына саналатын кітап сыйлады.

Келген мейманға алғысын айтып, құрмет көрсеткен Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амантайұлы жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ Зейнеп ұстаздың иығына қамзол жабылды.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: