Шырайлы Шу өңірінде белгілі ұстаз Зейнеп Үсеновамен кездесуден кейін Шу аудандық "Жәми"мешітінің әйел-қыздар секторы ауызашар берді. Онда қыз-келіншектер Зейнеп ұстаздың уызды уағызына құлақ түріп, рухани сусындады.
Оразаның артықшылығы, отбасы құндылығы туралы кеңінен тоқталған ұстаз жиын соңында бата беріп, шулық нәзік жандарға ізгі тілегін жолдады. Сондай-ақ өзіне көрсетілген құрметке разы екенін жеткізді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі