Барша мұсылман қауымы асыға күткен рамазан айының алғашқы он күндігіде аяқталып келеді. Рамазанда жасалған әр жақсы амал мен ізгі істердің сауабы артатыны сөзсіз.
Осы орайда оразаның алғашқы күндері Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының ұйытқы болуымен мешіт қызметкерлері Рамазанның бірінші күнінен-ақ жұртты сауапты іске жұмылдырды. Бас имам бастаған қызметкерлер 120 кісіге арналған ауыз су мен құрма, алма және мандарин салынған қораптар, және «ОРАЗАҒА ҚАТЫСТЫ 200 СҰРАҚ» және «НАМАЗ ОҚЫП ҮЙРЕНЕЙІК» атты 120 кітап тұрғындарға таратылды.
Айта кетейік, 2 күн бұрын «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» атты қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылып 50 отбасыға азық-түліктей көмек көрсетілді. Оразаның бірінші күнінен бастап 150-200 адамға ауызашар ұйымдастырылып келеді. Осылайша Ораза айы ерекше жақсылықпен басталды. Игі іс-шара мұнымен тоқтап қалмайды. Ай біткенше мешіт төңірегінде діни шаралар ұйымдастырылмақ.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі