Мойынқұм ауылында қасиетті рамазан айының күндерінде, рамазанға қатысты видео роликтер және құттықтаулар LED экраннан көрсетіле бастады.
Мойынқұм ауданының бас имамы Рысбай Асылбекұлының бастамасымен бастау алған бұл іс-шара 30 күнге жалғасады деп жоспарланып отыр.
Халық көп шоғырланатын орынға мұндай видео роликтарын көрсетудегі басты мақсат - ораза тұтып жүрген халыққа оразаға қатысты көкейлеріндегі қажетті болған сұрақтарына жауап беру.
Мойынқұм аудандық мешітінің баспасөз қызметі