#Т.Рысқұлов: «Рамазан - Құран айы» дәрістері жүргізілуде

#Т.Рысқұлов: «Рамазан - Құран айы» дәрістері жүргізілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

  Қасиетті Рамазан айының құрметіне Рысқұлов ауданына қарасты ауылдық мешіттерде Құран дәрістері жүргізіліп жатыр.

  Алла Тағала «Бақара» сүресінің 185-аятында: «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді» деген.  

Рамазан айы жыл ішіндегі ең абзал ай болып саналады. Оның артықшылығы жайында көптеген хадистер бар. Ол туралы ұлы ғалымдар тарапынан шексіз мақтаулар айтылып, кітаптар жазылған. Бірақ Құран жайындағы мақтаулардың ең ұлығы бүкіл әлемнің Раббысы – Алланың  өз кітабында айтқандары. Алла Тағала рамазан айын Құранның түсірілуіне лайық ай ретінде таңдап, осы айды Құран арқылы ерекшеледі. Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім Алланың кітабынан бір әріп оқыса бір сауап, ал бір сауап он сауапқа тең. Әлиф-Ләм-Мим (Бақара сүресінің басы) бір әріп деп айтпаймын, әлиф бір әріп, ләм бір әріп, мим бір әріп» деген.

Сол себепті осы қасиетті айдың берекесімен мешіт шәкірттері араб тілі мен Құраннан дәріс алуларын бастады. Сонымен қатар, бұрыннан құран оқи алатын жамағат арасында арнайы чат ашылып, аптасына бір рет Хатым Құран оқу амалы жүзеге асырылуда. Және де Қасиетті айдың сауабына толықтай иеленіп қалу мақсатында «Рамазан зікірлері» жобасы аясында 30 күн бойы салауат, истиғфар және Алланың 99 есімін зікір ету амалдары қолға алынып, жамағат арасында атқарылып жатыр.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: