Құранда Алла Тағала: «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» – деп бұйырады.
Қайырымдылық – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті.
Осы орайда, Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен, елім-жерім деген азаматтарымыздың демеушілігімен, "Рамазан қоржыны" атты ауқымды қайырымдылық науқаны ұйымдастырылып, көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі 50 мұқтаж отбасыға азық-түліктей көмек көрсетілді.
Азамат Берікұлы көмекке ұмтылған жандарға Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисін: «Кімде кім жақсылыққа жол сілтесе, сол үшін сауап жазылады», – деген. Тағы бір хадисінде «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар» деп үмбетін ізгілікке шақырды», - деп барша азаматтарымызды осынау берекелі айда жақсылық жасауға шақырды.
Көмек алған отбасылар, осынау ізгі іс-шараға атсалысқан азаматтардың отбасыларына, мал-дүниелеріне береке тілеп, Алладан жарылқау тілеп, алғыстарын білдірді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі