Қазақ айтпақшы, ертенгі ішетін ас ыдысыңды бүгін жу. Жастар елдің ертеңгі есіктерін ұстайтын тұтқаларынан. Сол себепті жастарға дұрыс бағыт бағдар беру - аға буынның міндеті.
Мойынқұм ауданының бас имамы Рысбай Асылбекұлы Мойынқұм ауылында орналасқан «Жамбыл» атындағы қазақ орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен кездесіп, оқушылармен тәлім–тәрбие турасында ақыл-ойымен бөлісті.
Оқушыларға дарынды, білімді болуға үндеп, елдің келешегі жарқын шуақты болуы үшін қазірден бастап жастар уақыты мен күш жігерлерін ғылым – білім жолына жұмсауы қажет екенін жеткізді.
Мойынқұм аудандық мешітінің баспасөз қызметі