#Жуалы: «Қош келдің, Рамазан!» атты кеш өткізілді

#Жуалы: «Қош келдің, Рамазан!» атты кеш өткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде Қасиетті Рамазан айына байланысты сәуір айының басында «Қош келдің, Рамазан!» атты кеш болып өтті.

Әйелдер  жамағатының Рамазан айына деген сағынышы мен қуанышы жүздерінен көрініп тұрды. Рамазанға қатысты сұрақ-жауаптар болды.

Құранға түскен әйел жамағаттарға Жазира ұстаз Рамазан айының нұрлы сыйы ретінде Құран кітаптар  берді. Рамазан айы Құран айы болғандықтан жамағатты Құран оқуға ынталандырды. Соңында арнайы жайылған дастархан басында әжелер баталарын берді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: