Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты ауылдық мешіттердің барлығы Қасиетті Рамазан айы қарсаңында мешіт іші мен аулаларына және дәретханаларға күрделі тазалық жұмыстарын жасады. Бұл тазалық жұмыстарына мешіт қызметкерлері мен мешіт жамағаты және мектеп оқушылары қатысты.
Сонымен қатар, көктем мезгілінде дәстүр бойынша атқарылатын іс, кейбір мешіттердің аулаларына тал мен гүлдің көшеттері отырғызылып, абаттандырылды.
Және де ауыл мешіттерінің барлығына дерлік Рамазан айына байланысты баннерлер ілінді. Тек мешіттермен ғана шектелместен, ауылдың орталық көшелері мен әкімшілік маңдарына да ілінді.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі