#Т.Рысқұлов: «Қош келдің, Рамазан!» атты іс-шара өтті

#Т.Рысқұлов: «Қош келдің, Рамазан!» атты іс-шара өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Қасиетті Рамазан айының алғашқы күндері қарсаңында Рысқұлов ауданы Луговой кентіндегі "әл-Хақ" мешітінде қыз-келіншіктер жамағаты арасында  "Қош келдің, Рамазан!" атты іс-шара өткізілді.

Іс-шарада мешітте дәріс алып жүрген әпке-қарындастарымызға оразаның құндылығы, пайдасы, шарттары жөнінде уағыз-насихат айтылды. Сонымен қатар, "Мұсылман мұсылманның - айнасы" атты шағын ойын ойнатылып,  сергіту сәті болды.

Дәрістен мүлде қалмай, зеректігімен көзге түсіп, Құранды тәджуид ережесімен меңгеріп,  өте жақсы оқығаны үшін Утегенова Камилаға сертификат тапсырылды. Сонымен қатар шәкірттерді Рамазан айымен құттықтап, сыйлық таратылды.

Айгерім Шынали 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: