#Шу: Ауыл мешітінде құдық қазылды

#Шу: Ауыл мешітінде құдық қазылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жақында Шу ауданы "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлының бастамасымен мешіт іргесінен құдық қазылып, ауладағы талдар мен гүлдерді лезде суғаруға мүмкіндік алды.  Бұл  қуатты құрылғыны орнатуға  мешітке жаны ашитын қалталы азаматтар  демеушілік танытып отыр.

Алла үйінің айналасы жасыл болуы үшін оны дембіл-дембіл суарып отыру керек. Ал алдыңғы құдықтың қуаты кеміп, су соруы тозған болатын.  

"Мешіт - жердегі Алланың үйі. Оның көркі жамағат. Сол сияқты мешіттердің келбетіне қарап жамағаттың тануға болады. Аудан орталығында орналасқан мешітімізде әрбір шаруа жүрегі иманға толы, қалталы жандардың жәрдемімен болып жатады. Осы құдықты қазып, жабдықтап берген демеушілерге алғысымды айтамын. Алла разы болсын деймін.  Темірі тозғанша сауап жазыла берсін" - дейді мешіт имамы Талғат Кәрібайұлы.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: