#Шу: Мешіт жамағаты сенбілік жасады

#Шу: Мешіт жамағаты сенбілік жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тазалық - мұсылман адамның көркі мен әдебі. Ол асыл дініміздегі құпталған амал. Сондықтан ішкі жан дүние мен қоса сыртқы әлемді таза ұстау Алла Елшісінің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бізге қалдырған сүннеті.

Жуырда Шу ауданы "Әбу Бәкір ас-Сыдық" мешітінің имамы Бақыт Нұрлыханов бастаған  жамағаты  сенбілік жұмыстарын жүргізіп, мешіт ауласын ретке келтірді.Сондай-ақ жеміс ағаштары отырғызылды.

"Қыстан шығып, көктемге жеттік. Ата-бабаларымыз үйреткен жол бойынша маңайымызды тазалап, тал отырғызып жатырмыз. Бұл көктемгі жұмыс көңілді сергітеді. Сонымен бірге 12 айдың сұлтаны Рамазан айы кіріп тұр. Жамағатпен жұмылып сенбілікке шығуды жөн көріп, діттеген мақсатымызға жетіп отырмыз"-дейді мешіт имамы Бақыт Нұрлыханов өз сөзінде.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: