#Жуалы: Отбасындағы бала тәрбиесі мен ата-аналардың міндеттері сөз болды

#Жуалы: Отбасындағы бала тәрбиесі мен ата-аналардың міндеттері сөз болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Аудан орталығындағы мәдениет үйінде аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен отбасындағы жанжал мен орынсыз мән-жайлардың бала психикасына әсері және әлеуметтік желілерде балалардың кибербуллингі мен қауіпсіздігінің алдын алу мақсатынада «Отбасындағы бала тәрбиесі мен ата-аналардың міндеттері» тақырыбында №1 мектеп-гимназиясының ата-аналарымен жалпы жиналыс өтті.

Шараға Жуалы ауданы прокуратурасының прокуроры Елдос Ахметов, Жуалы ауданының бас имамы Асхат Акмамбетов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Жұмашев, Жуалы аудандық орталық ауруханасының жастар денсаулық орталығының психологы Венера Сейтаева, мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сынып жетекшілер, педагог-психологтары мен әлеуметтік педагогтар және ата-аналар қатысты.

Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Жұмашев пен Жуалы ауданының бас имамы Асхат Акмамбетов ата-ананың бала тәрбиесіндегі орны ерекше екендігін айта өтіп, өз пікірлерімен бөлісті.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: