Жуалы ауданы Қарасаз ауылы бойынша ауыл қариялары және жастардың ұйымдастыруымен, қасиетті жұма күні құдайы садақа тасаттыққа деп 1 миллионнан астам жуық жиналған қаражатқа, мешітте ораза алдын құдайы тамақ өткізді.
Қасиетті Рамазан айының бірінші күнінде «Қарасаз» мешітінде 1987 жылғы ауыл азаматтарының ұйымдастыруымен ауызашар берілді.
Рамазан айы он екі айдың сұлтаны болған мүбәрәк ай. Ауыз бекіткен адамның сауабы шексіз болғаны себепті, ауызашардың да сауабы өте мол. Ауыл азаматтары арнайы ауыл қарияларына және мешіттің жамағаттарына кең дастархан жайып, Алла разылығы үшін таңертеннен кешке дейін ораза ұстағандар үшін қызмет жасады.
Астан кейінАуыл имамы Мырзанұлы Асқар алғысын білдіріп, құран бағыштады. Ауыл қариялары ауызашар беруші жандарға алғыстарын білдіріп, баталарын беріп, бір сапқа тарауих намазына тұрды. Рамазан айында ауыз бекіткен барша мұсылмандардың оразалары қабыл болсын!
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.