Арақ-шарап барлық жамандықтың бастауы. Алла Тағала арам еткен сусын. Оны жай уақытта пайдалану күнә болып есептеледі. Ал Рамазан айында тура сауапты амалдар 700 есеге дейін өсетіндей күнәлар да едәуір ұлғаюы мүмкін.
Сондықтан қасиетті айда иісі мұсылман қауым ішімдікке қарсы тұруы тиіс. Түсіндіру арқылы. Насихат арқылы. Мұны мешіт имамдары мен алқа мүшелері де даусы жасап жүр. Оған келесі деректер дәлел болмақ.
Жуырда Шу ауданы Балуан Шолақ ауылы "Қойайдар" мешітінің имамы Аян Байтұрғанұлының ұйымдастыруымен ауыл әкімшілігі, ауыл ақсақалдары мен ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі С Кендебайдың қатысуымен "Рамазан айындағы арақсыз ауыл" атты акция өтті. Бастамашыл топ жергілікті жердегі дүкендерін аралап, кәсіпкерлерден арақ сатпау туралы үгіт-насихат жүргізді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі