Есік қағып кіріп келген қасиетті Рамазан айында, «Әл-Әділ» мешітінің имамы Сыбанбаев Расылхан имам мешіт ақсақалы Ермекбай қарияны зиярат етіп, көңілін сұрап, қасиетті құлшылық айымен құттықтап, арнайы «Рамазан қоржыны» атты сый-сияпатын табыстап келді.
Айта кетейік, қариямыз ота жасатып, мешітке біраз уақыттан бері келе алмай жүрген еді. Алла қаласа, келесі жұма күнгі жұма намазына мешітке баруға үмітті екенін жасырмады. Қарт кісі имамға алғасын айтып, бата берді.
Бұған қоса Тараз қаласы «Әл-Фирдаус» мешітінің қазіргі таңдағы имамы Алмаз Кенжемолдаев өзінен алдын «Әл-Фирдаус» мешітінің тізгінін ұстаған Жәпек Ғалымбекке еткен еңбегі үшін алғысын білдіріп, Рамазан айымен құттықтап жамағат алдында сыйын табыстады. Ғалымбек имам алғыс айтып, дұға жасады.
Тараз қаласы «Әл-Әділ» мешітінің баспасөз қызметі