#Шу: Аудандық мешітке кілем берілді

#Шу: Аудандық мешітке кілем берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Биылғы Рамазан еліміз үшін ерекше екені сөзсіз. Өйткені екі жыл карантиндік шаралар салдарынан тарауих намазын жамағатпен оқу қиындап кеткен-ді.  Сонымен қатар Шу ауданының жамағаты үшін жағымды жаңалық мол. Бірнеше мешітте қарилар Құранды Хатым етіп, шәкірттерге сабақ үйретіп жатыр. Мешіттің көркі де кіріп, жамағатты  өзін жайлы сезінуге жағдайлар жасалынуда.

Жуырда Шу аудандық «Жәми» мешітіне қалталы кәсіпкер ескі кілемнің тозғанын көріп, көркіне көз тоятын жаңа кілемді тарту етті. Тарауих намазына келушілерге бұл ерекше сый болғаны сөзсіз. Жаңа кілемде намаз оқуға мүмкіндік берген демушіге ауданның бас имамы Бахтияр Амантайұлы алғысын айтып, ісіне, отбасына береке тіледі.

Тағы бір айта кетерлігі бас мешітке келген қари дүйім жұрттың алдында  таныстырылды. Қадыр  түніне дейін Хатым түсіретін қари Бауыржан Нарматов Атбасар қарилық медресесінің бітіруші түлегі. Биылғы Рамазаны Шу ауданынан бұйырған екен. Жас қариды жамағатқа таныстырған Бахтияр Амантайұлы оған алғысын білдіріп, бастаған ісі берік болсын деді.

Сонымен қоса Бауыржан қари мешіт жамағатымен бірге күнделікті таң намазында да хатым түсіруді қолға алып отыр. Оның бұл ісі баршамызды сүйсіндіреді. Мұсылман үшін мүмкіндік айы болған Рамазан құтты һәм қайырлы болғай.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: