#Меркі ауданы: Рамазан айында қарияға құрмет көрсетілді

#Меркі ауданы: Рамазан айында қарияға құрмет көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен Рамазан айында мешітке ұзақ жылдар бойы қызмет еткен Рахым атамызға құрмет көрсетілді.

Рахым атамыз орталық «Меркі ата» мешітінің жаңа ғимараты салынбай жатып, ескі мешіт кезінен бастап осы дін жолында аянбай қызмет еткен. Жаңа мешіт құрылысына ат салысып, басынан-аяғына дейін қызметте болған.

Ислам діні үлкенге құрмет көрсетуге бұйырған. Осы мақсатта Рахым атамызға зиярат жасалып, құрмет көрсетілді. Қазіргі мешіттің осыншама жыл бойы қызмет етіп келе жатқаны сол ақсақалдарымыздың атқарған еңбегінің арқасы.

Рахым атамыз кездесу соңында, бас имаға өз батасын беріп ыстық ықыласпен шығарып салды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: