#Тараз қаласы: Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

#Тараз қаласы: Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Біз «Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халықпыз. Жасы үлкенге құрмет көрсету, қарияларымыздың бүгілген беліне сүйеу болу – дінімізде насихатталып, салтымызда сақталып, санамызда жатталған үрдіс.

   Қасиетті Рамазан айының кіріп келуіне орай, «Құлбай баба» мешітінің имамы Амангелді Ембергенов жамағат арасындағы, тарауих намазынан қалмай қатысып жүрген үш қарт кісіге «Рамазан қоржыны» деп аталатын сыйлығын табыстады. Атап айтқанда, «Құлбай баба» мешітін салған Сұлтанбеков Жаңабек ақсақалға және одан бөлек жамағаттан қалмай, үнемі мешітке келетін екі ақсақалға қоржын тарту етілді.

Имам ақсақалдарды ардақтаудың үлгісін көрсетіп қана қоймай, үлкенге құрмет көрсетудің маңыздылығы жайлы уағыз-насихат айтты. Және дендеріне саулық пен күш-қуат тіледі. Өз кезегінде қарттар имамға шексіз алғыс айтты.

Тараз қаласы «Құлбай баба» мешітінің баспасөз қызметі

  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: