#ТАРАЗ: ИМАМ КҮЛӘШ АХМЕТОВА МЕН ҚАЙЫРБЕК АСАНОВТЫ РАМАЗАНМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

#ТАРАЗ: ИМАМ КҮЛӘШ АХМЕТОВА МЕН ҚАЙЫРБЕК АСАНОВТЫ РАМАЗАНМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Тараз қаласы «Құлбай баба» мешітінің имамы Амангелді Ембергенов халқымыздың ерлі-зайыпты, қос ақыны Қайырбек Асанов пен Күләш Ахметованы Рамазан айының кіріп келуімен құттықтап қайтты.

   Жұп ақынның шаңырағында болып қайтқан имам дара тұлғаларға өз атынан және дін қызметкерлері атынан «Рамазан қоржыны» атты сыйлығын тарту етті. Қарт ақындар өз кезегінде имамға ақ баталарын беріп, шексіз алғыстарын айтты.

   Кездесу барысында жарасымды әңгіме айтылып, имам Рамазанға, оразаға қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Айта кетейік, ақын апа бұған дейін де  үнемі діни сұрақтарына имаммен телефон арқылы байланысып, жауап алып тұратын.

Тараз қаласы «Құлбай баба» мешітінің баспасөз қызметі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: