Наурыз – табиғаттың қайта түлеп, тіршілік атаулының жаңаратын кезі. Наурыз - түркі тайпаларының мүшел есебі бойынша жыл басы саналатын бірінші ай, ойын-сауық және наурыз көже жасау мерекесі.
Осы орайда, Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен Жұма намазға жиналған жамағатты Әз-Наурыз мерекесімен құттықтап, «Наурыз көже» дастарханы жайылды.
Жамағат бас имамға өз ризалықтарын білдіріп, дұға жасасып тарқасты.
Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі