#Сарысу: Әлеуметтік желіде рамазанға дайындық тесті жасалды

#Сарысу: Әлеуметтік желіде рамазанға дайындық тесті жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сарысу аудандық орталық мешітінде Рамазан айына дайындық мақсатында Әйел-қыздар жамағатына телеграм әлеуметтік желісі арқылы "Оразаға дайындық" атты тест ұйымдастырылды.

Ораза айы жақындағанда оразаға қатысты сұрақтар көбейеді. Мұсылмандардың ауыз бекітуде сауатты болуы үшін, біле бермейтін сұрақтарына жауап табуы, білгендерге қайталау болсын деген ниетпен сұрақ-жауап  ұйымдастырылды.

Кәффараттың не екендігі, оразаның бұзылатын, бұзылмайтын жағдайлары, қаза оразаларды қалай өтеу керектігі және т.б маңызды сұрақтар қамтылды. Алла баршамызды Рамазан айына аман есен жеткізсін! Әмин.

Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: