#Сарысу: Ер кісі мен әйел кісінің субардинациясы түсіндірілді

#Сарысу: Ер кісі мен әйел кісінің субардинациясы түсіндірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сарысу аудандық орталық мешітінде мешіт ұстазы  Мадина Қайратқызының ұйымдастырумен "Ер кісі мен әйел кісінің субардинациясы" атты тақырыпта әйел-қыздар жамағатына түсіндірме   дәрісі болып өтті.

Алла Тағала Құранда "Нұр" сүресінің 31, 32 аятында  "Мүмін ерлерге айт бөтен әйелдерден көзін сақтасын", және "Мүмін әйелдерге айт бөтен еркектерден көзін сақтасын" дегендей бұл тақырып қоғамда белең алған тақырып. Себебі қазірге сондай фитна заманда ер мен әйел кісілер бірге қызмет ету дұрыс саналатын, көшеді ашық жүретін әйел кісілер көбейген уақытта шынайы мұсылмандар барынша ара-қашықтық сақтап жүруі  Аллаға ұнамды іс.

Мұсылман әйел-қыздардың мешітте, көшеде, қызмет  орындарында, қоғамда ер адамдармен қандай мәміледі болуы керектігі түсіндірілді. Қоғамда бұл мәселе ушығып кетсе, көз зинасы көбейіп кету қауіпі бар екендігі айтылды. Алла баршамызды зинадан сақтасын. Әмин!

Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: