#Т.Рысқұлов: Ислам діні мен қазақ салт-дәстүрінің сабақтастығы

#Т.Рысқұлов: Ислам діні мен қазақ салт-дәстүрінің сабақтастығы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық әскери горнизонда және дәл осындай іс-шара Құлан ауылындағы Өрт сөндіру орталығында ұйымдастырылды.

Бұл кездесулер «Ислам діні мен қазақ салт-дәстүрінің сабақтастығы» тақырыбы төңірегінде болды. Шараға Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің имамы Үмбет Сабырханов арнайы қонақ боп қатысып, әскери және ТЖБ қызметкерлеріне тақырып бойынша лекция оқыды.

Үмбет имам дәрісінде: «Дін – адамның  ізгі қасиеттерін асқақтатып танытатын болса, дәстүр ұлттың ұлт болып қалыптасуы үшін қажет. Адамның белгілі бір ұлтқа, халыққа тән екендігін айқын сезіну үшін бес түрлі шартқа толық жауап беру тиіс. Біріншіден, сол ұлттың тілін жақсы білуі керек. Екіншіден, сол ұлттың дінін терең меңгергені жөн. Үшіншіден, сол ұлттың дәстүрін толық бойына сіңіруі тиіс. Төртіншіден, сол ұлттың тарихын бес саусағындай білгені абзал. Бесіншіден, сол ұлт мекендеген жердің ой-шұңқырын жақсы білуі парыз. Осындай бес сипаттаманы бойына дарытқан адам ғана сол ұлттың толыққанды өкілімін деп айтуға құқылы. Осы бір ұлт болып қалыптасу үшін берілген анықтамаларға көз салып ой жиегінен өткізер болсақ, барлық шарттардан адамдардың тілі, тарихы, діні мен дәстүрі сабақтастықтары тереңде жатқанын аңғарып түсінеміз», - деп ара-жігін ашып түсіндірді.

Қуаныш Тузелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: