Сарысу аудандық орталық мешіті әйел-қыздар жамағатына "Намазым - асыл тәжім" атты марафон ұйымдастырды.
Құранда "Бақара" сүресінің 45 аятында: "Расында намаз ынталылардан басқаға ауыр келеді" дегендей әрбір намаз оқушы намазда ықыласты болуы үшін оқып жатқан сүрелірі мен дұғаларының мағынасын, қасиетін, түсу себебін білмейінше намазда ықыласты бола алмайтыны анық.
Марафонды ұйымдастырудағы басты мақсат - шәкірттердің намаздарына бей-жай қарамай, не оқып жатқандарының түсінуіне себепші болу. Намаз Алламен тілдесу екендігін сезіндіруге себепші болу. Аталмыш марафонда намаздағы "Субхәнәкә" дұғасынан бастап, намаздағы сүрелер мен дұғалардың қазақша мағынасын шәкірттер барынша жаттап, ұстазға жатқа тапсырды.
Алла оқыған намаздарымызды ықыласты құлдарына қабыл еткендей біздің намаздарымызды қабыл етсін. Әмин
Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі