Шу аудандық"Жәми" мешітінде Қазақстан мүсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен өткен форумдарда қабылданған құжаттар таныстырылды. Аталған шара жуырда өткен семинар алдында өткен болатын. Онда ауданға қарасты қала және ауыл мешітінің имамдарының назарына бірнеше кітапша ұсынылды.
Имамдардың сырт келбеті мен ішкі әдебі, ас беру мәдениеті мен зираттарды зиярат ету әдебіне қатысты құжаттардың қысқаша мәтініне топталған ауданның бас имамы Бахтияр Амантайұлы әріптестерін осыларды басшылыққа алуға шақырды.
Жиынға қатысушылар да аталған құжаттарды қолдап, темірқазық етіп ұстануға уағдаласты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі