Жуырда Шу ауданы Бірлік ауылында «Ел үлесі пәтерге» акциясы аясында 530 үй берілді. Оған осы ауылдың жалғыбасты әйел азаматы ие болды. Көпшілік жиылып, жұмылып істеген жақсылықтан ауылдық мешіт те шет қалмаған.
Баспана кілтін табыстау салтанатына ауыл ақсақалдары мен округ әкімі аппараты, ауылдық мешіттің имамы М.Жұматаев қатысып, қуаныш иесіне қоныс құтты болсын айтысты.
Өзіне көлемді көмек көрсеткен ауылдастарына су жаңа үйдің иесі алғысын айтып, ізгі тілегін білдірді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі