Жуырда Шу ауданы Жиенбет ауылдық мешітінде көрісу күніне орай тасаттық берілді. Ауыл болып өткізген жиынға Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амантайұлы қатысып қайтқан болатын.
Дастархан басында уағыз айтылып, қасиетті Құран аяттары оқылды. Сонымен қатар салиқалы әңгіме айтылып, ақсақалдар бата берді. Бахтияр Амантайұлы да Алла разылығы үшін жасалған ниеттер қабыл болып, биылғы жыл берекелі болып, дихандардың егіні бітік шығып, молшылық болсын деп дұға етті. Білек көтеріп әумин дескен ауыл тұрғындары арнайы уақыт бөліп келген ауданның бас имамына алғысын білдірді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі