Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылдық әкімшілігінде бала тәрбиесі турасында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Келелі кездесуге арнайы шақырылған «Нұртай ата» мешітінің имамы Сабит Естеков қатысқан болатын.
«Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деген халық ұрпағының өсіп-жетілуіне, тәрбиесіне барынша жағдай жасауға тырысқан. Аталған шарада исламдағы бала тәрбиесі турасында сөз алған ауыл имамы ақиқатында, балаға берілетін тәрбиенің ең бастысы – имандылық тәрбиесі екендігін айта кетті. Өйткені бұл ата-ананың баласының алдындағы ең алғашқы міндеті. Жаратқан Иесі жайлы танымды үйрету, шынайы мұсылман болып өсуіне жағдай жасау басты мақсат.
Қазақы тәрбие – нағыз мұсылмандық тәрбиенің ең жарқын мысалы. Қазақы тәрбие алған мен орысша оқып, өзінің ділінен, тілінен жырақтаған жанды салыстырып қарасаң, қазақы тәрбие алып, ауылда өскен баланың бойында ұлттық әдептің, мәдениеттің нышанын көріп қуанасыз. Көбіне ондай ізгі сипаттарды басқа мәдениетпен сусындап өскен жастан көре алмайсыз.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі