Жамбыл облысы Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы ауданға қарасты ауыл мешіттерінің имамдарына, мешіт қызметкерлеріне ҚМДБ-ның концептуралы құжаттарын түсіндіріп, кеңінен насихаттады. Аудан имамы бір күндік семнарға қатысқан ауыл мешіттері имамдарының сауалдарына жан-жақты жауап берді.
ҚМДБ тарапынан қабылданған құжаттар, І Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар:
- Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы
- Имамның тұлғалық келбеті
- Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерінің этикасы
- Мұсылманның тұлғалық бейнесі, жайында тілге тиек еткен аудан имамы мешіт қызметкерлерінің жұмыстарын абыройлы түрде атқаруларын айтты.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі