#Шу: Мешіт ақсақалы республикалық форумда

#Шу: Мешіт ақсақалы республикалық форумда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін елордасы  Нұр-Сұлтан қаласында  Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының ұйымдастыруымен  I  республикалық ақсақалдар форумы өтті.  Бас мүфти хазіреттің Наурызбай қажы Тағанұлының шақыруымен еліміздің түкпір-түкпірінен  көпті көрген қариялар шақырылып, маңызы зор, мәні терең мәжіліс болды. Осы форумда Жамбыл облысынан 3 ақсақал қатысып, оларды облыстың бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев бастап барды.

Сол үш ақсақалдың бірі - Шу ауданының ардагер имамы, талай шәкірттің шамын жаққан ұстаз Мұстафа Жалалиев. Жерлесіміздің форумнан алған әсері мол. Жиыннан соң Мұстафа ата еліміз бойынша үлкен мешіт «Әзірет Сұлтанды» аралап, тыныс тіршілігімен танысты. Көрген-білгенін көкірегіне түйіп, ауылдастарына жеткізуге асығып отыр.

Халқымыздың қазынасына саналған қариялар көп болғай. Әсіресе мешітте жас ұрпаққа үлгі болатын көнекөздер көп керек. Қарты жоқ ауылдың жастары дуана болады деп Махамбет ақын дөп айтқан. Үлкен ұқсаған жастардық қатары қалын болсын.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: