#Байзақ: АУЫЛ ИМАМ МОЛДАЛАРМЕН ЖИНАЛЫС БОЛДЫ

#Байзақ: АУЫЛ ИМАМ МОЛДАЛАРМЕН ЖИНАЛЫС БОЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Жамбыл облысы Байзақ ауданы "Байзақ баба" мешітінде Рамиз қажы Азизовтың ұйымдастыруымен ауыл имам молдалардың кезекті жиналысы өтті.

  Жиналыста Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің найб имамы Нұрлан Мұрат: "ҚМДБ 7 бағыт бойынша жұмыстар атқарады. Әрбір бағытқа әріптестер салғырт қарамауы тиіс. Сіздер діни басқармадан келген тапсырмаларды дер кезінде орындай алуларыңыз керек және діни басқарма қызметіне қолдау көрсетулеріңіз керек" -  деді.

Ауданның бас имамы 2021 жылы атқарған жұмыстарға тоқталып слайд күйінде ауыл имамдарына баяндап өтті.

"Биыл 2022 жылы имам-молдалардың білімін жетілдіру үшін семинарлар өткілетін болады және ай сайын дәстүрге сай айлық дастархан болады, сонымен қатар уағыз-насихат, қайырымдылық,  діни оңалтуға басымдылық  беріледі" - деді Азизов Рамиз қажы.

Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: