#Шу: Алғыс айтып, бата алып қайтты

#Шу: Алғыс айтып, бата алып қайтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Асыл дінімізде «Адамға алғыс айтпағанның, Аллаға шүкірі жоқ» - деген Ардақты Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  хадисі бар. Сонымен қатар «Кішілерімізге мейірімді болмаған, үлкендерімізге құрмет көрсетпеген адам бізден емес» дейді тағы бір хадисте.

1-наурыз Алғыс айту күні қарсаңында  Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амантайұлы, найб имамы Талғат Кәрібайұлымен бірге ауданның беделді қарияларының үйіне барып, ақсақалдық тәлімі мен айрықша үлгісі үшін алғыс айтып қайтты. Тәтті тартуын көтере барған бас имам қазыналы қарияларға ризашылығын білдіріп, зор денсаулық пен қажымас қайрат тіледі.

Күйші-композитор «Құрмет», «Парасат» орденінің иегері Әбдімомын Желдібаев пен «Төле би» мешітінің ақсақалдар алқасында ұзақ жылдар мүше болып, мешіттің ісіне елеулі еңбек еткен Ахтам Тазитдиновтар меймандарына разы болып, ақ баталарын жаудырды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: