Тараз қаласы "Әл-Әділ" мешітінің жанындағы ДСАК ұстазы Жайна Бекназарованың ұйымдастыруымен қасиетті "Миғраж түні" ата өтілді.
Шәкірттермен Құран оқылып, уағыз тыңдап, сұрақ-жауаптар алмасып, тәсбих намазы оқылды.
Кеш соңында "Кітап - сарқылмас сауап" айдары бойынша сыйлыққа кітаптар таратылды. "Шәкірттер өте ықыласты, сондықтан да болар, кеш керемет руханиятпен өтті. Шәкірттерге алғысымыз шексіз!" - дейді сауат ашу курсының ұстазы.
asyldin.kz