Жамбыл облысы Байзақ ауданы "Байзақ баба" мешітінде Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің найб имамы Нұрлан Мұраттың қатысуымен ауыл имам-молдаларына "Ихсан - кемелдену жолы" тақырыбында дәріс жүргізілді.
Нұрлан Мұрат баяндамасында: "Ихсан дегеніміз рухани кемелділікке жету. ҚМДБ осы ихсан бағытын қолға алды. Ихсан бағытында имамдар халыққа дұрыс насихат айтуы, қойылған сұраққа сабырлықпен, байсалдылықпен жауап беру, және істеп жатқан амалдарымызды көркем түрде жеткізу" - деді.
Ауыл имам молдалары ихсанға қатысты сұрақтарын қойып мардымды жауаптарын алды.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі