Бүгін қазақ тарихындағы қариялардың рөліне тоқталып, қазіргі қоғамдағы ақсақалдың рөлін айқындай отырып, тәрбиенің тірегіне баланған аталар мектебін қалыптастыру мақсатында форум басталды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Елордада өтіп жатқан «Қариялар – ел қазынасы» І республикалық ақсақалдар форумына Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев басаған өңірдің қариялары қатысып жатыр.
Нұр-Сұлтандағы ауқымды шараға Тараз шаһарынан Шарип Даулетбаев, Шу ауданынан Мустафа Жалалиев, Қордай ауданынан Біржан Әлімбет арнайы ат артып барды.
Жиын қасиетті Құран аяттарын оқумен басталса, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы баяндама жасап, арнайы дайындалған бейнеролик ақсақалдар назарына ұсынылды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі