Бүгінгі таңда жақсылық жасаудың түр-түрі бар. Жолы әртүрлі болғанымен мақсаты бір шаралар шариғатта құпталары анық. Сондай сүйкімдіс істердің бірі қол өнер мен тағамдардың жәрмеңкесін ұйымдастыру.
Жақында Шу аудандық «Жәми» мешітінің әйел-қыздар секторы мешіт ауласында жәрмеңке өткізіп, өз өнімдерін саудалады. Олар түрлі тәттілер мен тағамдарды даярлап, жұма намазына келген жандарға сатты. Жиналған қаражат қайырымдылыққа жұмсалмақ. Сауапты іске ұйысқан отбасы ұйытқыларының бұл амалдары қабыл болсын.
Білім алушыға немесе білім беру орнынан берген садақа ең абзал жақсылықтардан. Себебі білім барлық жақсылықтың бастауы. Күллі жамандықтан қайтаратын күш.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі