#Меркі ауданы: Отбасы құндылықтары насихатталды

#Меркі ауданы: Отбасы құндылықтары насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық орталық «Меркі ата» мешітінде намазға жиналған жамағатқа мешіттің бас имамы Азамат Берікұлы «Отбасы құндылықтары» тақырыбында уағыз айтты.

Азамат Берікұлы: «Ислам дінінде отбасы бірлігіне айырықша маңыз берген. Отбасы - Исламда баға жетпес құндылықтар ретінде әспеттеледі. Қоғам отбасыдан басталатындығын ардақты Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жете түсініп, тұтас қоғамды таза ұстаудың бірден-бір кепілі – отбасы тәрбиесі мен жанұя құндылықтарында екендігіне маңыз берген. Ардақты Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ер кісі отбасының бақташысы, сондықтан ол қол астындағыларға жауапты, әйел өз үйі мен балаларының бақташысы, сол үшін жауапты» деп, отбасындағы адамдардың өзара рөліне тоқталған. Осыған қарап-ақ отбасы мүшелерінің өзара міндеттерін Исламда анық көрсеткен. Ислам дінінде осылайша отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы реттелген. Отбасы бірлігі бекем болса болашағымыз да баянды, ұрпақ тәрбиесі де ұлағатқа толы болмақ», - деп сөзін аяқтады.

Уағыз соңында елімізге тыныштық, жерімізге амандық, отбасыларға тұрақтылық тілеп дұға жасалды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: