Жас дарақты күтіп, баптасаң түзу өседі. Сол секілді жастарға үнемі кеңес беріп, жол сілтесе адаспайтыны анық. Сондықтан ағадан ақыл, ініден мақұл болғанда болашақ жарқын болмақ.
Жуырда Шу ауданы «Әбу Бәкір ас-Сыдық» мешітінің имамы Бақыт Нұрлыханов Төле би ауылындағы Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназияның оқушыларымен кездесті. Кездесуде имам оқушыларға экстремизмнің елге тигізетін зияны мен одан сақтану жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ ата-ана ретіне ақылын айтып, үлкендерді сыйлап, салт-дәстүрді жетік біліп, діни тұрғыда сауатты болуға шақырды.
Оқушылар да өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі