#Жамбыл: Мешітке жүз терек егілді

#Жамбыл: Мешітке жүз терек егілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылы «Тұрғани» мешітінде көктемнің алғашқы күні – алғыс айту күніне орай, мешіт имамы Рахматулла Каримовтың бастамасымен мешітті көғалдандыру шаралары аясында, мешіт ауласына жүз терек көшеттері отырғызылды. 

«Атадан мал қалғанша, тал қалсың»- деген,  дана халқымыз өзінен кейінгі ұрпағына осылай өсиет еткен. Алланың үйі – мешітке жасалып жатқан барша игі бастамалардың басы қасында болатын мешіт жамағаты бұл істе де шетте қалмады. Сондай-ақ,  Алла елшісі (с.ғ.с.) Меккеден Мәдинаға көшіп келгенде Мәдинаның батпағын кетіру үшін айналдыра ағаш еккізгені баршаға мәлім. Міне, осы секілді ағаш батпақты кетіріп қана қоймай, ауаны да тазартады, оның саясында демалған адам кең тыныс алып, жаны жай табады.

Тағы бір хадисте: «Бір адам бір ағаш отырғызса, дәптеріне отырғызған ағашының жемісіндей сауап жазылады», – делінген.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: