Алғыс айту күні – бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық Қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісім күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Алғыс айту күніне орай Меркі ауданы орталық "Меркі ата" мешітінің бас имам Азамат Берікұлының басшылығымен Меркі ауданына қарасты барлық елді-мекен имамдары Қазақ еліне, оның тұрғындарына АЛҒЫС білдіреді!
Бас имам Азамат Берікұлы, Меркі өңірінде Алланың діні болған Ислам дінін насихаттау жолында еткен ерен еңбектерін ескеріп, имамдық қызмет атқарып кеткен және де әлі қызметте жүрген имамдарға Алғысын білдірді!
Меркі ауданы имамдары Азамат Берікұлының істеп жатқан қызметін қолдауға әрдайым дайын екендіктерін, қолдау көрсететіндерін айтып, алғыстарын білдірді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі