Қордай аудандық мешітінде Сауат ашу курсының шәкірттеріне арнайы келілі насихат көркем уағыз айтылды. Уағызды мешіт ұстазы Эльмира Есімқараева жүргізді.
Жұма күнінің қасиеті, ол күні жасалатын амалдар, тарихтағы маңызды оқиғалардың жұма күні орын алғандығын да тілге тиек етті.
"Қасиетті күнде атқарылатын ғибадаттың басқа күндердегіден сауабы мол. Сондықтан, жүрегінде иманы бар мұсылман жұма күннің қадір-қасиетін жақсы біледі, әрі бұл күнді Жаратушы Иеміздің разылығына кенелу үшін Жаратқанның әміріне сай ерекше өткізуге әрекет етеді" - деп ұстаз мұстахаб амалдарды тізіп берді. Балдырғандарға әрбір жұманың мереке екенін көркем ой, бала тілімен жеткізіп берген ұстаз шәкірттерінен жақсы кері байланыс алды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі