Байзақ аудандық орталық “Байзақ баба” мешітінде шәкірттерге қасиетті айлар жайлы уағыз айтылды. Насихатты мешіт ұстазы Жанат Кушербаева жүргізді.
Ұстаз қазіргі кездегі қасиетті айларға байланысты айтылып жүрген, ойдан шығарылған хадистер жайлы, оларды таратудың қаншалықты ауыр күнә екендігі жайлы сөз қозғалды.
Сонымен қатар шариғат шеңберінде викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырылып, шәкірттер білімдерін пысықтап алды.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі