#Меркі ауданы: «Пәтуалар жинағы» 3-кітабының танытымы өтті

#Меркі ауданы: «Пәтуалар жинағы» 3-кітабының танытымы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі шығарған «Пәтуалар жинағы» 3-кітабының танытымы өтті.

«Muftiyat» баспасы шығарған жинақпен танысу отырысына Меркі ауданына қарасты ауыл имамдары қатысты.

Жиында сөз сөйлеген Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы мүфтияттың шариғи үкімдерге қатысты барлық мәселеге пәтуа беруге толық қауқарлы екенін айтып өтті.

«Шариғат және пәтуа бөлімі мамандары дайындаған жинақта қазіргі кезде қоғамда жиі талқыланатын көкейкесті мәселелер мен үкімдер жан-жақты талқыланып, шариғат негіздеріне сүйене отырып, шешімі мен пәтуалары топтастырылып отыр. Елімізде кей азаматтар дұрыс діни ақпараттарды алуға болатын сенімді дереккөздерден хабары болмағандықтан, шетел діни орындарының ақпараттарына сүйеніп, іс-әрекет етіп жатады. Бұл халық ішінде аса құптарлық жағдай емес. Бүгінде ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары мен аймақтағы өкілдері халықтың көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға жауап беріп, олардың жинағын кітап етіп шығаруда. Кез келген сұрақ бойынша мешіт имамы немесе пәтуа саласына жауапты мамандар жауап бере алады. Сондықтан да шетелдік діни ақпарат көздеріне емес, еліміздегі ұлттық қайнармен сусындаған, дәстүрлі діни құндылықтарымызды байрақ еткен мүфтияттың таратқан ақпаратына сүйенсек, ел ішінде де ауызбірлік пен ынтымақ болары даусыз. Сондықтан бұл еңбек әр мешіттің сөресінде тұруы керек», - деді Азамат Берікұлы.

Еңбек дін қызметіндегі имамдарға, имандылық жолында тәлім алушы шәкірттерге, сондай-ақ жалпы мұсылман қауымына арналған.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: