Ислaм – көркем мінез бен әдептілікке негізделген дін. Әдептілік адамды көрікті етеді. Ихсaн ілімі көркем мінез бен адамға тән күллі әдептілікті қалыптaстырады. Осы ілімді насихаттау, халық арасында әдеп-ахлақты қалыптастыру мақсатында аудандық Қордай мешітінде уағыз жүргізілді.
Аталған орталық мешіттің наиб имамы Бекзат Жұмабайұлы ихсан ілімінің пайдасы жайлы көркем уағыз айтты. "Исхан - рухани тәрбие негізі" кітабын негізге ала отырып, имам халыққа түсінікті әрі маңызды мағұлмат берді.
Жамағат өз сауалдарын қойып, дәйекті жауаптар алды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі